2025 жыл: Қасым-Жомарт Тоқаев елдің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барды
Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

2025 жыл елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруларға толы болды. Ең бастысы, халықтың тұрмыс-тіршілігінде оң өзгерістер орын алды. Жаңа өндіріс орындары ашылып, қамба астыққа толды. Тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар салынып, көлік жолдары жаңартылды, — дейді Руслан Желдібай.
Оның айтуынша, биыл Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, 50-ден астам өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көрді.
Сондай-ақ Президент 16 облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің есебін тыңдады.
Фото: Ақорда












