29 желтоқсанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Қазақстанның экс-резиденті Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Orda.kz.

Тараптар бір-бірін келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, екі ел халықтарына бақ-береке мен тыныштық тіледі.

Өзбекстан басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай келіссөз барысында Ташкент пен Астана арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастардың жоғары деңгейге көтерілгеніне басымдық берілді. Сондай-ақ негізгі салалар бойынша көпжақты ынтымақтастықтың тұрақты дамып келе жатқанына ризашылық білдірілді.

«Тараптар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастардың деңгейі жоғары екенін, сондай-ақ барлық негізгі салалардағы көпжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше ризашылықпен атап өтті»,  деп хабарлады Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл байланыс Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуде Владимир Путинмен өткен жүздесуінен кейін болды. Экс-президенттің Кремльге сапары Қазақстанда ішкі саяси талқылауларға ұласты. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи мемлекеттік құпияға қанық бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалардың шетелге шығуын шектеу туралы бастама көтерді. Депутат мұндай тұлғалардың қатарына Нұрсұлтан Назарбаевты да қосты.

Бұл бастаманың көтерілуіне экс-президенттің Мәскеуге жасаған бейресми сапары түрткі болған. Депутаттың пікірінше, мұндай қадамдар ұлттық қауіпсіздікке белгілі бір дәрежеде қатер төндіруі мүмкін.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *