Қасым-Жомарт Тоқаев Кран-Монтана тау-шаңғы курортындағы өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Швейцария Конфедерациясының президенті Ги Пармеланға көңіл айтты, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті жақындарынан айырылған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, жарақат алған адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ еліміз осы қиын-қыстау сәтте Швейцария халқын қолдайтынын жеткізді.

Айта кетейік, Швейцарияда тау шаңғысы курортында жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапқан еді.

Фото: Ақорда

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *