2024 жылға арналған декларация жарияланды. Онда қазіргі билік өкілдері мен олардың әйелдерінің табысы көрсетілген.

Ал айталық. Алдымен бұрынғы Алматы қаласының әкімі, Президент әкімшігі басшысының орынбасары Ерболат Досаевтың бір жылдық табысы көзге түсті. Ол 14 млн теңге табыс тапқан. Ал оның жұбайы Гүлнар Досаева 2024 жылы 2,3 млрд теңге астам кіріс көрсеткен.

Сол секілді Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің де жұбайы табыскер әйелдердің бірі. Оның бір жылдық табысы 88,6 млн теңгеден асты.

Ал 2024 жылы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің жары 24,9 млн, Президенттің көмекшісі Қуанышбек Есекеевтің жұбайы — 48,3 млн,  Президенттің кеңесшісі Алексей Цойдың әйелі 1 млн, Мемлекеттік инспектор Батыржан Байжұмановтың жұбайы 2,6 млн теңге табыс тапқан.

Коллаж: ЖИ

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *