«Самұрық-Қазына» қорының басшылары жылына қанша теңге табыс табады?
«Самұрық-Қазына» ұлттық қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың соңғы үш жылдағы табысы туралы мәліметтер жарияланды. Ол үш жылдың ішінде 805,9 млн теңге табыс тапқан. Ашық дереккөздерде көрсетілген декларацияға сәйкес, қор басшысының жылдық кірісі жүздеген миллион теңгемен есептеледі.
Құжатқа сәйкес,
2022 жылы – 422,1 млн теңге,
2023 жылы – 186,5 млн теңге,
2024 жылы – 197,2 млн теңге табыс тапқан.
Осылайша, Нұрлан Жақыповтың 2022–2024 жылдар аралығындағы жиынтық кірісі 805,9 млн теңгені құрап отыр.
Сонымен қатар, 2024 жылға арналған декларацияда қордың даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі Салтанат Сәтжан да табысын көрсеткен. Оның жылдық табысы 8,2 млн теңге болған.
Жарияланған мәліметтер мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы табыс деңгейіне қатысты қоғам назарын тағы да аудартты.

Фото ашық дереккөзден алынды












