«Рэкетир» фильмі: Актер Мұрат Бисембин қайтыс болды
«Рэкетир» фильмі арқылы көрерменге танылған актер Мұрат Бисембин көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мұрат Бисембин 54 жасында қайтыс болды. Ол бір жылдан аса уақыттан бері онкологиялық аурумен күресті. Соңғы уақытта оның жағдайы күрт нашарлап, инсульт алып ауруханаға түскен еді.












