Сенат Төрағасы Сыр жастарымен жүздесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қызылорда облысының креативті және дарынды жастарымен кездесті. Кездесу барысында жас буынның елді жаңғыртудағы рөлі ерекше аталып, олардың бойына жасампаз құндылықтар мен жауапкершілікті сіңірудің маңызы сөз болды.

Сонымен бірге үздіксіз даму, цифрлық сауаттылықты арттыру және озық технологияларды игеру мәселелері кеңінен талқыланды. Мәулен Әшімбаев өскелең ұрпақты жүйелі қолдаудың маңызын ерекше атап өтті.













