Тоқаев пен Трамп жақын арада қайта жүздеседі
АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі Джули Стаффт президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінен кейін екі ел басшыларының арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстың жаңа кезеңі басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Елшінің айтуынша, Қазақстан мен АҚШ президенттері сенімге негізделген тұрақты диалогты сақтап отыр және жақын арада кезекті кездесу өткізуді жоспарлауда.
Елші президент Тоқаевтың жақын арада АҚШ-қа жаңа сапармен баратынын растады. Мұндай жоғары деңгейдегі қарым-қатынастар екіжақты ынтымақтастықтың барлық салаларына қуатты серпін бермек.
«Президент Тоқаевпен кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың басымдықтарын талқыладық. Бұл мәселелерде Президент Трамптың толық қолдауына ие екенімізді білемін және қос көшбасшының ықпалымен ынтымақтастығымызды кеңейтуге ниеттімін» – деп мәлімдеді Джули Стаффт.
Елші АҚШ-тың Қазақстан тәуелсіздігін алғашқы болып танығанын еске салып, бүгінде серіктестік тарихи ең жоғары деңгейге жеткенін атап өтті. Оның айтуынша Вашингтон тарапы мәдениет, сауда және экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдетуге мүдделі.
Фото: Ақ үй












