Қызылорда: Білім саласы өкілдерімен кездесу өтті
«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, облыстық мәслихат депутаты Гүлшат Мұсаева «Orda scholl» мектебінің ұжымымен кездесті. Басқосуда партия филиалының былтыр атқарылған жұмыстары талқыланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар Қызылорда қаласында «AMANAT» партиясының қалалық ұйымы тарапынан жүйелі түрде іске асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында тұрақты бақылауға алынған.
Жол картада көзделген 122 іс-шараның 72-сі Қызылорда қаласына тиесілі болса соның барлығы орындалды. Партиялық бақылауды күшейту мақсатында Партиялық бақылау комиссиясының 11 отырысы өткізіліп, 23 мәселе қаралды және тиісті 23 ұсыныс берілді. Құрылыс нысандарында 6 партиялық бақылау бекеті орнатылып, оның 3 нысаны пайдалануға берілді. Қалған ірі әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жалғасып, оларды 2026 жылы аяқтау жоспарланған.
Жиында мектеп басшысы, белсенді партия мүшесі Рауаш Әлиқызы партияның мақсат-міндеттері мен бағыт-бағдары жайлы ой бөлісті.
Ұжым тарапынан қаламызда атқарылған жұмыстарға байланысты сауалдар жолданды.
Кездесу соңында белсенді партияластарымыз атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта бірлескен жобаларды іске асыру жайлы ұсыныстарын жеткізді.
Фото: Партияның Қызылорда қалалық филиалы












