Қатты дауыл салдарынан Жамбыл облысының Сарысу ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды.    

Табиғи апат салдарынан бірқатар ғимараттарға зақым келді. Қазіргі уақытта келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр.

Облыстық әкімдік дауыл Жаңатас қаласындағы тұрғын үйлердің шатырларын жел ұшырып әкеткенін растады. Сонымен қатар, электр желілері үзілген.

Оқиға орнына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев барды.

«Үш тұрғын үйдің шатыры толықтай ұшып кеткен, тағы жеті үйдің шатыры жартылай зақымданды. Сондай-ақ жеті кәсіпкерлік нысанға зиян келді. Ұзындығы 2 шақырым болатын электр желісі істен шықты. Зардап шеккендер жоқ. Коммуналдық қызметтер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, әлеуметтік нысандарға залал келген жоқ» деп жазды әкім әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қарашөкеевтің айтуынша, қазіргі таңда келтірілген шығынды бағалау жұмыстары жүргізілуде. Ол тұрғындар мен кәсіпкерлерге қажетті көмек көрсетілетініне уәде берді.

Еске салсақ, 6 ақпанда Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қатты жел салдарынан бірнеше тұрғын үйдің шатырлары зақымданып, қалада электр жарығы өшірілген.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *