Қысқы олимпиада: Бүгін алты отандасымыз екі спорт түрінен өнер көрсетеді
Бүгін Милан-Кортина Олимпиадасы басталады. Алғашқы жарыс күнінде алты отандасымыз екі спорт түрінен өнер көрсетеді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Туризм жəне спорт министрлігіне сілтеме жасап.
7 ақпан
17:00 Шаңғы жарысы. Скиатлон, әйелдер (Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко)
20:00 Конькимен жүгіру. 3 000 м, әйелдер (Надежда Морозова, Елизавета Голубева)
Айта кетерлігі, ұлттық құрама спортшылары қатысатын барлық жарысты Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» және Jibek Joly телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Фото: Сали Сабиров










