Иранның жоғарғы көшбасшысының міндетін уақытша атқарып отырған басшылық кеңесі көрші елдерге соққы жасамау туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы ислам республикасының президенті Масуд Пезешкиан мәлімдеді.

Уақытша басшылық кеңесі кеше көрші мемлекеттерге соққы жасамау және зымыран ұшырмау туралы шешім қабылдады. Тек егер олар Иранға қарсы шабуылды бірінші болып бастаса ғана жауап беріледі, – деп жазды Mizan агенттігі.

28 ақпанда  АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға әуе соққыларын жасай бастады. Салдарынан ғимараттар қирап, бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны хабарланды.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *