Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?
Оқу-ағарту министрлігі мереке қарсаңында білім беру саласындағы әйелдер туралы статистика жариялады.
Ведомство мәліметінше, Қазақстанның білім беру саласында 492 938 педагог-әйел жұмыс істейді. Олардың 101 789-ы мектепке дейінгі білім беру, 342 352 — орта білім беру және 2 382 — түзету-білім беру, 13 239 — қосымша білім беру ұйымдарында жұмыс істейді. Ал 29 117 әйелдер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, 4 059 — арнайы білім беру ұйымдарында қызмет атқарады.
Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік бағдарламалар театрлар мен концерт залдарында, музейлер мен кітапханаларда, спорт кешендерінде, білім беру ұйымдарында және қаланың қоғамдық кеңістіктерде өтеді.
Фото: ашық дереккөз












