Педагогтердің 81,9 пайызы әйелдер
Қазақстандағы педагогтердің басым бөлігі – әйелдер
Қазақстанның білім беру саласында әйел педагогтердің үлесі айтарлықтай жоғары. Ресми деректерге сәйкес, елдегі педагог қызметкерлердің 81,9 пайызын әйелдер құрайды. Жалпы саны 492 938 адам.
Әйел мамандар білім беру жүйесінің барлық деңгейінде еңбек етеді. Атап айтқанда:
-
101 789 әйел мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;
-
342 352 әйел орта білім беру ұйымдарында;
-
2 382 әйел түзету-білім беру ұйымдарында;
-
13 239 әйел қосымша білім беру ұйымдарында;
-
29 117 әйел техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде;
-
4 059 әйел арнайы білім беру ұйымдарында қызмет атқарады.
Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіштер білім беру саласында әйелдердің рөлі айрықша екенін көрсетеді.
Биыл Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз жексенбі күніне сәйкес келеді. Қазақстанның еңбек заңнамасына сәйкес, мереке күні демалысқа тұспа-тұс келген жағдайда, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады.
Осыған байланысты қосымша демалыс 9 наурыз, дүйсенбіге белгіленді.
Сонымен, бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар 7, 8 және 9 наурыз күндері қатарынан демалады.

Фото: Ашық дереккөз












