Қызылорда қалалық№200 референдум учаскесі ерекше форматымен көпшіліктің назарын аударды. Бұл учаскеге келген дауыс берушілерді есік алдында роботтар қарсы алып, жылы лебіздерін білдіріп, бағыт-бағдар көрсетуде.

Таңертеңнен бастап учаскеге келген азаматтарды роботтар күлімсіреген дауыс ырғағымен қарсы алып, хал-жағдайын сұрап, дауыс беру бөлмесіне дейін жол сілтейді. Сонымен қатар олар келушілерге сәтті күн тілеп, референдумға қатысқаны үшін алғыс білдіреді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ерекше бастама – ІТ мектептің әзірлеген тосын сыйы. Жас программистер мен оқушылардың еңбегі саналатын жоба технологияның қоғам өміріндегі рөлін көрсетуді мақсат етеді.

Роботтардың қызметі дауыс беру процесіне еш кедергі келтірмейді. Керісінше, олар учаскеге келген азаматтарға қолайлы жағдай жасап, заманауи технологиялардың мүмкіндігін таныстыруда.

№200 учаскесіндегі бұл жаңашылдық тұрғындардың қызығушылығын тудырып, көптеген азаматтар роботтармен суретке түсіп, олардың жұмысына оң бағасын беруде.

Осылайша, Референдум–2026 тек маңызды саяси шара ғана емес, сонымен қатар жаңа технологиялар мен жас өнертапқыштардың мүмкіндігін көрсететін алаңға айналып отыр.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *