Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
Лос-Анджелесте америкалық киноакадемияның 98-ші сыйлық тапсыру рәсімі өтті. 16 наурызға қараған түні өткен кешті белгілі америкалық комик әрі тележүргізуші Конан О’Брайен жүргізді.
Кештің басты жеңімпазы («Битва за битвой» фильмі) ПолТомас Андерсон болды. Ол жалпы алты «Оскар» статуэткасын жеңіп алып, басты бәсекелесі «Грешники» фильмін басып озды.
«Битва за битвой» фильмін «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» (Шон Пенн), «Үздік бейімделген сценарий», «Үздік актерлік құрам» және «Үздік монтаж» номинацияларында марапаттады.
«Грешники» төрт номинацияда жеңіске жетті: «Үздік актер» (Майкл Б. Джоржан), «Үздік түпнұсқа сценарий», «Үздік операторлық жұмыс» және «Үздік саундтрек».
Үздік актриса атағын «Хамнет» фильміндегі Джесси Бакли жеңіп алды. Айта кетерлігі, «Үздік қысқаметражды фильм» номинациясында тең нәтиже тіркеліп, екі фильм – «The Singers» және «Two People Exchanging Saliva» марапатталды.
Айта кетейік, 2026 жылғы басты жаңалықтардың бірі – Best Casting атты жаңа номинацияның енгізілуі. Бұл 2002 жылдан бері қосылған алғашқы жаңа санат. Сол жылы Оскар сыйлығы аясында «Үздік анимациялық фильм» номинациясы пайда болған еді. Енді америкалық киноакадемия актерлерді іріктеумен айналысатын мамандардың еңбегін ресми түрде бағалауға шешім қабылдады. Әдетте олардың жұмысы көпшілікке көрінбейтін. Сонымен қатар, биыл дауыс беру процесінің ашықтығын арттыру үшін академия жаңа талаптар енгізді. Ұйым мүшелері тек өздері толық көрген фильмдерге ғана дауыс берді.
Фото: ашық дереккөз












