19 наурыз: Ертең еліміздегі оқушылар демалысқа шығады
19 наурызда Қазақстан оқушылары көктемгі демалысқа шығады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
2026 жылдың 19-29 наурыз аралығында қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Осы кезеңдегі бос уақытты мазмұнды өткізу мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені жүзеге асырылады, — деді министрліктен.
Сондай—ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында да бірқатар іс- шаралар жоспарланып отыр. Ата-аналармен бірлесе отырып жол қозғалысы, өрт қауіпсіздігі және киберкеңістіктегі сақтық шаралары бойынша кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
2026 жылғы көктемгі демалыс 19 наурыз бен 29 наурыз аралығында, барлығы 11 күнге созылады.
Фото: ашық дереккөз












