«Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақ хандығының билеушісі Абылай ханның есіміне «Ұлы» деген құрметті эпитетті бекіту туралы қоғамдық бастама көтерді,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Идея авторы әрі бірлестіктің құрылтайшысы Нұркен Асанов бұл бастаманы тарихқа деген құрмет деп атады.

Фото: Ашық дереккөз

«Бұл бастама тұлғаның айрықша тарихи рөлін мойындауға негізделген. Себебі әрбір кемелденген қоғам мемлекеттіліктің қалыптасуында шешуші рөл атқарған тұлғалардың есімін сақтауға ұмтылады. Абылай хан ауыр сын-қатер кезеңінде елді ұйыстырып, ішкі бірлікті нығайта білді, оңтайлы әрі көреген сыртқы саясат жүргізді, сондай-ақ қазақ мемлекетінің саяси дербестігін сақтап қалды. «Ұлы Абылай хан» атауын бекіту – тарихи әділеттіліктің көрінісі, қоғамдық сана-сезімнің айғағы және Қазақстанның күші мен бірлігін айқындап отырған мұраға деген құрметтің белгісі», – деді қоғамдық бірлестіктің құрылтайшысы Нұркен Асанов.

Фото: Ашық дереккөз

Бірлестік арнайы декларация жасап, көпшілік талқысына ұсынды. Тарихи жад декларациясын сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыз.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *