Президент Ұлыстың ұлы күніне арналған концертті тамашалады
Президент Ұлыстың ұлы күніне арналған концерттік бағдарламаны көрді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Керуен сарай» кешенінің аумағында жұртшылыққа көктем мен жаңарудың сипатын сездіретін концерттік бағдарлама ұсынылды.

Өнерпаздар қазақтың ұлттық және заманауи әндерін шырқады. Сонымен қатар оркестрдің сүйемелдеуімен хореграфиялық қойылымдар көрсетілді.

Концертке танымал мәдениет қайраткерлері, қазақ эстрадасы мен классикалық өнер жұлдыздары, ұлттық ансамбль мен би ұжымдары қатысты.

Фото: Ақорда












