Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында 2026 жылдың 17–19 наурыз күндері Шиелі және Қазалы аудандарында «Қоғамдық ұйымдардың тиімділігін арттыру және әлеуметтік жобаларды қолдау» тақырыбында семинар-тренингтер өткізілді.

Аталған іс-шараларға заңгер, республикалық деңгейдегі мемлекеттік гранттардың менеджері, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың жетекшісі Айтмамбетова Айжан спикер ретінде қатысып, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін дамыту бағытында өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинарларға үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандары, сондай-ақ азаматтық қоғам белсенділері қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Іс-шара барысында қатысушыларға үкіметтік емес ұйымдардың қызметін тиімді басқару және қаржыландыру жолдары, қоғамдық ұйымдардың тиімділігін арттырудың заманауи әдістері, үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына тіркелу тәртібі, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы мемлекеттік қолдау тетіктері мен қаржыландыру мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік кеңестер алды. Семинарлар интерактивті форматта өтіп, қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырды.

Аталған іс-шаралар үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби деңгейін арттыруға, мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалануға және өңірдегі азаматтық қоғам институттарын дамытуға оң ықпал етеді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *