Түркістан қаласында бейнебақылау камераларын қасақана бүлдірген екі күдікті ұсталды.

Оқиға қала көшелерінің бірінде тіркелген. Белгісіз екі азамат түнгі сағат 01:00 шамасында беттерін маскамен жауып, ұзын ағаштың көмегімен төрт бірдей бейнекамераны істен шығарған. Нәтижесінде 700 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Аталған құқықбұзушылық бейнебақылау жүйелері арқылы әшкереленді. Полицейлер жақын маңдағы камера жазбаларын мұқият тексеріп, күдіктілердің жүрген бағытын анықтаған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде олар қолға түсті.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, ұсталғандар жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлға наразы болып, осындай әрекетке барғандарын мойындаған. Полиция тұрғындарды қоғамдық мүлікке ұқыппен қарап, заң талаптарын сақтауға шақырды.

Фото: Polisia.kz

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *