Түркістан облысында 8 жастағы Жаннұр Тұрсынбек бес күннен бері табылмай жатыр.

Оқиға 23 наурыз күні Келес ауданына қарасты Абай ауылында болған. Екінші сынып оқушысы арыққа түсіп кеткен аяқ киімін алмақ болып жүгірген сәтте тайып құлап, Келес өзеніне ағып кеткен. Қайғылы жағдайды оның жанында ойнап жүрген балалар көрген.

Қазіргі уақытта баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар өзен жағалауын толықтай тексеріп жатыр.

Ауыл тұрғындары оқиға болған орынның қауіптілігіне алаңдаулы. Олардың айтуынша, арық тым төмен деңгейде орналасқан әрі ешқандай қоршау немесе ескерту белгілері қойылмаған. Бұл жағдай балалар үшін үлкен қауіп төндіреді.

Жаннұрдың әпкесі Әсел Бердібай іздеу жұмыстарының баяу жүріп жатқанына наразылық білдірді. Оның сөзінше, тиісті органдар дер кезінде қосымша көмек сұрамаған, ал кейбір жауаптылар баланың су бетіне шығуын күтіп отыр деген пікір айтқан.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, іздеу жұмыстарына 120-ға жуық адам жұмылдырылған. Сонымен қатар 15 техника, 2 қайық және 2 ұшқышсыз аппарат қолданылып жатыр. Құтқарушылар ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *