Италияның Парма қаласына жақын орналасқан Magnani Rocca Foundation жеке галереясынан Пьер Огюст Ренуар, Анри Матисс және Поль Сезанн салған үш түпнұсқа картина ұрланды. Олардың жалпы құны бірнеше миллион еуро тұрады.

22-сінен 23 наурызға қараған түні қаскөйлер төрт картинаны алып кетпек болған. Бірақ біреуін оқиға орнында қалдырып кеткен. Ұрланған туындылар — 1917 жылғы «Балықтар» (Ренуар), 1890 жылғы «Шие қосылған натюрморт» (Сезанн) және 1922 жылғы «Террасадағы одалиска» (Матисс).

Қылмысты тергеумен Парма карабинерлері және мәдени мұраны қорғау бөлімшесі айналысуда. Музей өкілдерінің айтуынша, ұрылар бар жоғы 3 минуттың ішінде ғимаратқа кіріп картиналарды ұрлап кеткен.

Парма қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан Magnani Rocca Foundation қорында өнертанушы Луиджи Маньяни жинаған бай коллекция сақталған. Оның құрамында Альбрехт Дюрер, Питер Пауль Рубенс, Антонис ван Дейк, Франсиско Гойя және Клод Моне сияқты әйгілі суретшілердің еңбектері де бар.

Қор 1977 жылы құрылған. Бұл тонау өнер әлеміндегі қылмыстар сериясының кезекті оқиғасы болды.

Фото: әлеуметтік желіден

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *