Алдағы күндері Қазақстанда жылы көктемгі ауа райы сақталады. Дегенмен кейбір өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін. 

Синоптиктердің мәліметінше, 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді. Тек батыс өңірлер мен оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Батыста кей жерлерде қатты жауын жауып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түнгі және таңғы уақыттарда республика бойынша тұман түсуі ықтимал.

Күндізгі ауа температурасы өңірлерге қарай айтарлықтай өзгереді:

  • солтүстік-батыста: +17…+26 градус;
  • солтүстікте: +13…+20 градус;
  • орталықта: +12…+23 градус;
  • шығыста: +5…+22 градус;
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыста: +23…+32 градусқа дейін;
  • батыста ауа райы салқындап, +13…+20 градус шамасында болады.

Фото: А.Чурсинов

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *