+32 градус: Сәуірде ауа райы қандай болады?
Алдағы күндері Қазақстанда жылы көктемгі ауа райы сақталады. Дегенмен кейбір өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін.
Синоптиктердің мәліметінше, 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді. Тек батыс өңірлер мен оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Батыста кей жерлерде қатты жауын жауып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Түнгі және таңғы уақыттарда республика бойынша тұман түсуі ықтимал.
Күндізгі ауа температурасы өңірлерге қарай айтарлықтай өзгереді:
- солтүстік-батыста: +17…+26 градус;
- солтүстікте: +13…+20 градус;
- орталықта: +12…+23 градус;
- шығыста: +5…+22 градус;
- оңтүстік және оңтүстік-шығыста: +23…+32 градусқа дейін;
- батыста ауа райы салқындап, +13…+20 градус шамасында болады.
Фото: А.Чурсинов












