Қазақстанда 2025 жылы 1000-нан астам жол апаты тіркелген
2025 жылдың қорытындысы бойынша 1347 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Қарағанды облысы прокурорының төрағалығымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жақсарту бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың істеген жұмыстарымен таныстыру үшін арнайы кеңес өтті.
Бас прокуратураның мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 1347 жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылғы деңгейге сәйкес келеді. Қаза тапқандар саны 17%-ға азайғанымен, зардап шеккендер саны 3,3%-ға өскен.
Сондай-ақ, прокуратура көлік апатының негізгі себептері:
- Жылдамдықты шамадан тыс асыру;
- Жол ережелеріне бағынбау;
- Жолдың сапасыз болуы;
«Кеңесте жүргізушілерді оқытуды қатаң бақылаудың, оның ішінде автомектептер мен нұсқаушылардың жұмысын тексеру, міндетті медициналық тексерулерді қамтамасыз ету және болашақ жүргізушілерді үйретуге арналған көліктердің қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келуінің маңыздылығы атап өтілді» деп жазды Бас прокуратура.
Фото: ашық дереккөз












