Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырғаны үшін қызметтен босатылғанына айтты.

Қырғызстанның Vesti.kg басылымының хабарлауынша Жогорку Кенеш депутаты Эльвира Сурабалдиева сұхбатында Қырғызстан ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырғаны үшін қызметінен алынған.

Депутаттың айтуынша, Қамшыбек Тәшиевтің бостандықта жүруі – президенттің кеңпейілділігінің көрінісі.

«Президент – кеңпейілді адам. Мүмкін, ол Тәшиевті аяйтын шығар, себебі олар дос. Нақты білмеймін. Бірақ президентке қазір өте қиын, өйткені оның бұрыннан келе жатқан досы оны қызметінен тайдыруға әрекет жасаған. Бәлкім, дәл осы жағдай Тәшиевтің қызметтен кетуінің негізгі себебі болған шығар», – деді Эльвира Сурабалдиева.

Оның айтуынша, бұл оқиғаларға дайындық ұзақ уақыт бойы жүргізілген, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, ал кейбір осы іске қатысқандар ұсталған немесе тергеліп жатыр.

«Бір қазанға екі қошқардың басы сыймайды» деген сөз бар. Бұл дәл сондай жағдай сияқты», – деп қосты депутат.

Еске салсақ, биыл ақпан айында Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан ҰҚК төрағасы қызметінен босатылған болатын. Оның өзі бұл шешімді күтпегенін айтқан.

Ал ел президенті Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік қызметке енді қайтып оралмайтынын мәлімдеді.

Осыдан кейін Қырғызстанда ҰҚК басшысының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды. Ол Қамшыбек Тәшиевтің қарамағында жұмыс істеген.

Кейін тағы бір бұрынғы орынбасар – Тимур Шабданбековтың да ұсталғаны белгілі болды.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *