Қызылорда қаласындағы «Тағзым» алаңында Чернобыль апаты зардаптарын жоюға қатысқан азаматтарды еске алуға арналған шара өтті. Биыл адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі саналатын осы оқиғаның аяқталғанына 40 жыл толып отыр, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Еске алу жиынында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жұмабек Әлиев және қалалық «Чернобыль» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмабек Шахатов сөз сөйлеп, апат салдарын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігіне тағзым етті.
– Бүгінгі бейбіт өмір мен тұрақтылық – үлкен ерліктің нәтижесі. Ел қауіпсіздігі жолында жанқиярлық танытқан азаматтардың қайсарлығы мен табандылығы әрдайым құрметке лайық, олардың өнегесі кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала береді, – деді Руслан Мұхамедәліұлы.
Шара барысында жиналған қауым Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан азаматтардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Құран бағышталып, гүл шоқтары қойылды.
Фото: Қоғамдық даму басқармасы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *