Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге зейнетақы беріп тұратын болды. Баян «Қыз Жібекке» алғыс  білдіріп, иығына тон жабатынын айтты.    

 2026 жылғы 16 сәуірде Баян Алагөзова Instagram желісінде бейнеролик жариялап, аң терісімен көмкерілген атақты қызғылт қамзолды көрсеткен болатын. Ол бұл кеудеше 1970 жылғы «Қыз Жібекке» фильміндегі Жібек бейнесін сомдаған актриса Меруерт Өтекешованың сол кезде киген түпнұсқа костюмі екенін және оны суретші Гүлфайрус Ысмайылова өз қолымен тіккенін айтты.

Басты рөлді актриса Меруерт Өтекешева сомдаған. Фильмнің көркемдік стилі, оның ішінде костюмдері суретші Гүлфайрус Ысмайылованың еңбегі. Бұл елдің мәдени мұрасының маңызды бөлігі саналатын да рас.

Продюсер бұл киімді «сандығындағы ең құнды дүние» деп атап, оны өмір бойы сақтайтынын жеткізді.

Продюсер әрі актриса Баян Алагөзова «Қыз Жібек» камзолына қатысты әлеуметтік желілерде туындаған талқылауларға пікір білдіріп, «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады, енді менің қолыма түскенде неге шулап кеттіңдер деген сыңай танытты.

28 сәуірде Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға алғыс білдірген тағы бір бейнежазба жариялады. Ол актрисаға тон сыйлап, ай сайын 1 млн теңге көлемінде өмір бойы төлем жасап тұруға уәде берді.

Сонымен қатар, 2027 жылы өтетін «Қазақ аруы» байқауын Меруерт Өтекешоваға арнайтынын мәлімдеді.

 Айтпақшы, сол кезде мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан продюсер Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киіміне қатысты жариялаған жазбасына қатысты пікір білдірді. Министрлік мәдени құндылықтарды сақтау және қорғау мәселесіне ерекше мән беретінін, сондай-ақ қоғамда туындаған сұрақтарға ашық әрі нақты ақпарат беруге әрдайым дайын екенін атап өтті.

Тағы бір еске сала кететін жайт: Меруерт Қаратайқызы Өтекешова бұған дейін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері  атанғанымен қазақтың «Қыз Жібегі» Қазақстанның халық әртісі атағын тек былтыр ғана, яғни 2025 жылы алды.

Фото: бейнеден скриншот

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *