Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Шымкенттегі сыра зауытының 50 жылдығына орай ерекше сый жасады. Ол осы кәсіпорында ұзақ жылдар бойы, яғни шамамен жарты ғасырға жуық еңбек еткен 50 қызметкерге жаңа пәтер кілтін табыстады. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Салтанатты жиында кәсіпкер құттықтау сөз сөйлеп, өзінің өміріндегі қиын кезеңдерді еске алып, толқып көз жасына ерік берді. Ол қызметкерлеріне деген ризашылығын білдіріп, олардың болашағына сенім ұялатқысы келетінін айтты.

«Менің бір кездері кәсібімді тартып алғанда 200 мың теңге айлыққа өмір сүрдім. Сүт пен нанға ақшамды санап жүретін едім. Ол кезде мен ипотекаға алынған пәтерде тұрдым, ай сайынғы төлемді төлей алмасам пәтерімді тартып алады деп қорқатын едім. Сол кездері өз-өзіме сөз беріп едім, егер бизнесімді қайтып алсам барлығына көмектесімін деп. Ол қиын қыстау кезеңдерде ертеңіме деген сенім болмаған еді. Сіздердің ертеңге деген сенімдеріңіз болсын деп осы елу пәтерді сыйлағым келеді», – деді Алагөзов.

Айта кету керек, Шымкент сыра зауыты 2024 жылы Алагөзовтің меншігіне өткен. Бұған дейін «Шымкент сыра қайнату зауыты» ЖШС Тоқтар Төлешов иелігінде болған. Кейін ол трансұлттық қылмыстық топ құрды және билікті күшпен басып алуға үндеді деген айыптармен кінәлі деп танылып, 21 жылға бас бостандығынан айырылған.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *