Енді Қызылордадағы Арал ауданында «Dara Moto» деген атаумен мотоциклдер шығатын болады. Бұл жобаны да жүзеге асырушы – «Тоғыс-Аралотын» ЖШС, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев осы өндіріс ошағында болып, зауыт ішіндегі мотоцикл құрастыру жұмыстарының барысымен танысты. Аталған жобаның жалпы құны 1 млрд теңгені құрайды. Зауыт толыққанды іске қосылғанда жылына 20 мың дана мотоциклді құрастырып, ішкі және сыртқы нарықты қамтамасыз ететін болады.
Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы зауыт ішінде енді құрастырылып жатқан өнімдерді көріп, жоба өкілдерімен тілдесу барысында ең алдымен сапаға мән беру керектігіне тоқталды. Сондай-ақ өнім тұтынушыларға қолжетімді бағада болуы тиіс екенін айтып, жоба бастамашыларына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ Аманжол Оңғарбаев жұмыс сапары барысында қаланың шығыс беткейінде жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалардың бірі – «Тоғыс-Аралотын» ЖШС-нің «Жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру» жобасымен танысты.
Аудан әкімі жаңадан салынып жатқан осы өндіріс орнында болып, 1 млрд теңге қаржы бағытталған ауқымды жобаның құрылыс барысымен танысты.
Жоба бастамашысы қазіргі таңда Арал қаласындағы индустриялық аймақтың жанындағы жер телімінде техникалық және жоғары сұрыпты медициналық тұз өндіруді қолға алған. Бұл бастама сәтті жүзеге асса, алдағы уақытта экстра сұрыпты ас тұзын өндіру жоспарланып отыр.
Жобаның жылдық қуаттылығы 40 мың тоннаны құрайды. Өнімнің 50 пайызы ішкі нарыққа, ал қалған бөлігі экспортқа шығарылады деп күтілуде. Өндіріс орны толық іске қосылғанда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Зауыт толық автоматтандырылған жүйе бойынша жұмыс істейтіндіктен, басқару процесіне арнайы мамандар тартылмақ.
Фото: Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *