Отан алдындағы қасиетті борышты өтеу – әрбір азаматтың парызы. Осындай жауапты сәттердің бірі ретінде Қызылордадағы Қармақшы ауданының «Руханият» орталығында жас сарбаздарды әскер қатарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып:
«Отанға адал қызмет ету, тәртіп пен жауапкершілікті жоғары ұстау – басты міндет. Осы жолда Сіздер табандылық танытып, ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсетеді деп сенеміз. Сондай-ақ ата-аналарыңыз бен жақындарыңыз сіздерді зор үмітпен, мақтанышпен шығарып салып отыр. Олардың сенімін ақтап, абыроймен оралатындарыңызға сенім білдіремін! Сапарларыңыз сәтті, қызметтеріңіз абыройлы болсын», деп жылы лебізін білдірді.
Сондай-ақ Қармақшы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Жандос Бекмұрзаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, ауған соғысының ардагері Асқар Ерманов жас сарбаздарға сәттілік тілеп, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау – үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.
Шара барысында әскери қызметке аттанғалы отырған азаматтарға құрмет көрсетіліп, ата-аналарына «Алғыс хат» табыс етілді. Ардагерлер жас сарбаздарға батасын беріп, Отан алдындағы борышты абыроймен атқаруға сенім білдірді. Сондай-ақ салтанатты жиын патриоттық әндер мен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Фото: Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *