Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов алдағы құрылтай сайлауын өткізуге қанша қаржы жұмсалатынына қатысты айтты.

Қазір нақты сандар туралы айтуға негіз жоқ. Неге? Өйткені алдымен сайлау күнінің нақты қашан өтетіні анықталуы керек. Соған байланысты сайлауға дайындық мерзімі белгілі болады. Әрине, бұл комиссия мүшелерінің қанша күн жұмыс істейтініне де әсер етеді. Соған сәйкес олардың еңбекақысы да есептеледі. Сайлау науқанын өткізуге бөлінетін қаржының едәуір бөлігі сайлау комиссияларының жұмысына жұмсалады. Ал еліміз бойынша 70 мыңнан астам адам осы жұмысқа тартылады, — деп атап өтті ОСК хатшысы.

Сондай-ақ ол «бұл референдумнан қымбатқа түсе ме?» деген сауалға жауап берді.

Иә, қымбатырақ болуы мүмкін деп ойлаймыз. Бірақ әзірге нақты сандарды айту қиын. Барлығы сайлау күнінің қашан жарияланатынына байланысты. Соған қарай есеп жүргізіледі. Бұл қызметтер мен тауарларды сатып алу мәселесіне де қатысты. Өздеріңіз білесіздер, сол уақытқа қарай баға да өзгеруі мүмкін. Сондықтан барлық есеп нақты шыққан кезде ғана соңғы сома туралы айтамыз, — деді Шавхат Өтемісов.

Еске салайық, бүгін Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр. Отырыста үш негізгі Конституциялық заң жобасы талқылануда.

Фото: БАҚ.КЗ

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *