Мемлекет басшысының Жарлығымен Қызылорда облысына әкім болып Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев тағайындалды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Мұрат Нәлқожаұлы 2023 жылдан бері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Ал жалпы өмір жолына үңілсек, 1966 жылы Қызылордада туған азамат еңбек жолын экономист болып бастаған.

  • Алматы халық шаруашылығы институтының халық шаруашылығын жоспарлау факультетін бітірген (1989), экономист.
  • 1989 жылдан — Қызылорда облысы Сырдария ауданы Жамбыл кеңшарының экономисі.
  • 1990 жылдан — Қызылорда облысы Сырдария аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің экономисі, экономикалық жоспарлау бөлімінің бастығы.
  • 1993 жылдан — Қызылорда қаласы «қазақстан Әлем-Банкі» басқармасының несиелік маманы, несие бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары.
  • 1996 жылдан — Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі.
  • 1998-2001 жылдары — Қызылорда облысы Халық банкі филиалының директоры.
  • 2002 жылдан — Қызылорда облыстық Еңбек, халықты еңбекпен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары.
  • 2004 жылдан — Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің бастығы.
  • 2006 жылдан — ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Өрт сөндіруші» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті.
  • 2008 жылдан — Қызылорда қаласының әкімі.
  • 2010 жылдан бері — Қызылорда облысы қаржы басқармасының бастығы.
  • Қармақшы және Шиелі аудандарының әкімі,
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары,
  • «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамының басқарушы директоры – аппарат басшысы.
  • 2017 жылдың маусым — қазан айларында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.
  • 2017-2021 жылдары Қазалы ауданының әкімі.
  • 2021 жылдың 27 мамырынан бастап Сырдария ауданының әкімі.
  • 2023 жылдан бері Мәжіліс депутаты болды.
  • Құрмет орденімен марапатталған (2011 ж.)

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *