Қызылордада Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен су жеткізіп беру қызметі тарифінің өсу себептерін түсіндіру мәселесіне арналған мәжіліс өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Жиынға су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясатты реттеу департаментінің директоры Дархан Қаинбердиев, су ресурстары және ирригация министрлігінің су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті директорының орынбасары Жәнібек Қайшыбекұлы, су ресурстары және ирригация министрлігінің суды үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің Ауыл шаруашылығы саласында су үнемдеу технологияларын енгізу басқармасының сарапшысы Гүлнұр Махамбет, «Қазсушар» РМК экономика және қаржы департаментінің директоры Айгүл Сұлтанова, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директорының міндетін атқарушы Нажмадин Шамуратов, Арал–Сырдария бассейндік су инспекциясы басшысының орынбасары Сейітқасым Әбуов және аудандағы шаруашылық құрылымдарының төрағалары қатысты.
Аудан басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында аграрлық секторды дамытуға, су ресурстарын тиімді пайдалануға және су үнемдеу технологияларын енгізуге ерекше назар аударылып келе жатқаны атап өтті.
– Су мәселесі – ауданымыз үшін аса маңызды әрі өзекті тақырыптардың бірі. Бүгінгі таңда су тапшылығы жағдайында әрбір тамшы суды тиімді пайдалануымыз қажет. Су жеткізіп беру қызметінің тарифіне қатысты тұрғындар мен шаруашылық құрылымдары арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу керек. Ең бастысы – диқандарды вегетациялық кезеңде қажетті сумен қамтамасыз ету және су ресурстарын ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыру. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Кездесуде су шаруашылығы саласындағы су тарифтерін қалыптастыру тетіктері, тарифтердің өзгеру себептері, ирригациялық жүйелерді жаңғырту және су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу бағытындағы жұмыстар жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, шаруашылық құрылымдары өкілдері тарапынан су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Жиын қорытындысында аудан басшысы су ресурстарын тиімді басқару, ауыл шаруашылығы құрылымдарын тұрақты сумен қамтамасыз ету және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.
Фото: Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *