Демалыс орындарындағы жағалауларға жасанды интеллект арқылы бейнебақылау жүйелері енгізіліп жатыр, — деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайт kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлім етті.

Ел аумағында қайықтарды тексеру басталады — ТЖМ
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

— Демалыс объектілері мен аймақтарының, туристік базалардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жағажайларда және суға шомылу орындарында қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударылады. Жазғы маусымға дайындық аясында 500-ге жуық объекті мен жағажай тексеріліп, нәтижесінде 800-ге жуық қауіпсіздік талаптарын бұзу дерегі анықталды. Бұл ретте демалыс орындарының иелеріне әдістемелік көмек көрсетілді, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ете білу нұсқаулықтары мен практикалық жаттығулары өткізілді, — деді Ш. Әрінов.

Оның айтуынша, жақын арада Министрлікке шағын көлемді кемелердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау-қадағалау функциясы беріледі. Тексеру шаралары 1 шілдеден басталады.

— Еліміздің су айдындарындағы шағын көлемді кемелер мен тұрақ-базаларына тексеріс жүргізіліп, ережені бұзу жағдайы анықталса, жедел ден қою шаралары қабылданады. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жағалауды жасанды интеллект арқылы бейнебақылау жүйелерін кезең-кезеңмен енгізіп жатырмыз. Аталған жүйе Алакөлде орнатылды. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін тұрғындар мен туристер арасында өзін қауіпсіз ұстай білу профилактикасы күшейтілді, — деді министр.

Сонымен бірге, барлық ұлттық парктер банк сервистері арқылы онлайн төлемге қосылған.

Бұған дейін туризм саласында 600 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылғанын жазған едік.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *