Қызылорда: Қармақшыда 25 мың гектардан астам жерге түрлі дақыл егілді
Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев пен облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов Қармақшы ауданына жұмыс сапарында Ақжар ауылындағы «Шакизада» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Шаруа қожалығы 2005 жылы құрылған. Қазіргі уақытта 50 гектар күріш, 77 гектар ескі жоңышқа, 0,5 гектар бақша және 70 гектар дән жүгері еккен. Мұнда 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Биыл Қармақшы ауданында 25 130 гектарға дақылдар егілді. Көктемгі егіске 21 ауыл шаруашылығы құрылымына 1 611,5 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.
Су үнемдеу технологияларын 600 гектар алқапқа, атап айтқанда, 19 гектарға тамшылатып суару, 581 гектар мал азықтық дақылдарына жаңбырлатып суару тәсілі қолданылады.Ұжымдық бақша жобасы аясындағы 420 гектарға 960 отбасын орналастыру жоспарланып, 260 гектар бақша, 63 гектар көкөніс және 97 гектар картоп егілді.

Айта кетейік, биыл өңірде 185,8 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда күріш егісінің көлемі 10,9 мың гектарға қысқартылған.
Ерте егілетін дақылдар, атап айтқанда, 7 541 гектар мақсары, 415 гектар жаздық арпа, 4 338 гектар жаздық бидай, 21 394 гектар жаңа жоңышқа, 428 гектар қант құмайы, 873 гектар судан шөбі, 409 гектар сүрлемдік жүгері, 373 гектар соя, 120 гектар мал азықтық асқабақ, 326 гектар тары, 1 338 гектар картоп, 6 687 гектар көкөніс және 8 501 гектар бақша егілді.
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі












