Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталады

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанда жазғы аптап ыстық әлі де басылар емес. Елдің оңтүстік, батыс және орталық өңірлерінде ауа температурасы +35…+39 градусқа дейін көтеріліп, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

«Қазгидромет» мәліметінше, елордада жауын-шашынсыз, ала бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы +33…+35 градусқа дейін ысиды.

Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай болжанған. Ауа температурасы +29…+31 градус болады.

Шымкентте де қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндізгі температура +33…+35 градусқа жетеді.

Ең жоғары температура Қызылорда облысында тіркелмек. Мұнда күндіз ауа +37…+39 градусқа дейін көтеріледі. Түркістан мен Атырау өңірлерінде де аптап ыстық сақталып, термометр бағаны +35…+38 градусты көрсетеді.

Ақтөбе, Жезқазған, Көкшетау, Петропавл және Орал қалаларында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Кей өңірлерде желдің күшеюі болжанып отыр.

Ал Ақтау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Семей, Талдықорған және Өскемен қалаларында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Мамандар тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт сыртта жүрмеуге, көбірек су ішіп, күн сәулесінен қорғануға кеңес береді.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *