Қазақстанға Албаниядан Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінген азамат экстрадицияланды. Бұл туралы құқық қорғау органдары хабарлады.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2022–2023 жылдары әлеуметтік желілер мен интернет арқылы талапкерлерге ҰБТ-ға дайындық қызметін ұсынып, оларды жоғары оқу орындарына кепілді түрде оқуға түсіріп беремін деп сендірген. Алайда уәде еткен қызметін орындамай, азаматтардың ақшасын иемденген.

Алдын ала есеп бойынша, оның заңсыз әрекетінен 32 адам зардап шеккен. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 28 миллион теңгеден асады.

Қылмыс жасады деген күдікке ілінген азамат кейін шетелге қашып кеткен. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылдың мамыр айында күдікті Албания аумағында ұсталып, кейін Қазақстанның сұрауы бойынша экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *