Эскиз фейк: Қазақстанда жаңа үлгідегі төлқұжат әзірленіп жатыр
Қазақстанда жаңа үлгідегі төлқұжаттың дизайны әзірленіп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, жаңа құжаттың сыртқы келбеті кәсіби дизайнерлердің қатысуымен дайындалуда. Дегенмен әзірге төлқұжаттың эскиздері көпшілікке ұсынылған жоқ, сондай-ақ оның нақты қашан қолданысқа енгізілетіні де белгісіз.
Сонымен қатар ІІМ қазіргі қолданыстағы көгілдір түсті төлқұжаттарды мерзімі аяқталғанға дейін ауыстырудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Азаматтар жарамдылық мерзімі біткенше қолданыстағы құжаттарын пайдалана береді.
Министрлік әлеуметтік желілерде тарап жатқан жаңа үлгідегі төлқұжаттың суреттері ресми жобаға қатысы жоқ екенін айтып, азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Фото: Ашық дереккөз












