VIII шақырылымдағы Сенаттың соңғы жалпы отырысы өтті
Бүгін VIII шақырылымдағы Сенаттың соңғы жалпы отырысы өтті. Жиын барысында сенаторлар бірқатар маңызды заңдар мен халықаралық келісімдерді қарап, мақұлдады.
Атап айтқанда, Қазақстанның Қырғызстан және Өзбекстанмен жасалған келісімдері, халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алу туралы құжаттар, сондай-ақ топырақты қорғау және нотариаттық қызметке қатысты заңдар қабылданды.
Сонымен қатар, 30 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Онда заң шығару қызметінің қорытындылары шығарылып, күн тәртібіндегі мәселелер қаралады.

Фото: Ашық дереккөз












