Алғаш рет қазақ дәрігер Қытайдың ең жоғары марапатын алды
Алғашқы қазақ дәрігер Қытайдың ең жоғары марапатына ие болды,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
Бейжің қаласында өткен салтанатты рәсімде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қытай коммунистік партиясының ең беделді марапаттарының бірі – «1 шілде» орденін табыстады.
Биыл бұл жоғары мемлекеттік-партиялық награда алғаш рет қазақ ұлтының өкілі, дәрігер Ухас Сүлейменге берілді. Ол денсаулық сақтау саласында 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп, медицина саласының дамуына елеулі үлес қосқан.
Ухас Сүлейменнің еңбегі мен кәсіби жетістіктері Қытай билігі тарапынан жоғары бағаланып, елдің ең мәртебелі марапатымен атап өтілді.

Фото: Ашық дереккөз












