Астанаға келген саяхатшылардың саны 12 пайызға артты
Бас қалаға келген саяхатшылардың саны 12 пайызға артты,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
Астана туристер үшін тартымды бағытқа айналып келеді. Биыл елордаға келген саяхатшылар саны 352 мың адамға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға артты. Оның ішінде шамамен 68 мыңы – шетелден келген қонақтар.
Қала әкімдігінің дерегіне сәйкес, Астанаға көбіне Ресей, Қытай, Түркия, Германия және АҚШ азаматтары келеді. Сондай-ақ Өзбекстан, Қытай және Біріккен Араб Әмірліктерінен келушілер қатары жылдан жылға көбейіп отыр.
Мамандар бұл өсімді халықаралық форумдардың, мәдени-көпшілік іс-шаралардың және ірі концерттердің жиі ұйымдастырылуымен байланыстырады. Мұндай шаралар елордаға деген қызығушылықты арттырып, туристік ағынның көбеюіне ықпал етуде.
Еске сала кетсек, өткен жылы Астанаға жалпы саны 1,5 миллион турист сапарлаған болатын.













