Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу деңгейін бағалайтын жаһандық рейтингте өз көрсеткішін жақсартты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміз 169 мемлекет арасында 67-орынға ие болып, өткен жылмен салыстырғанда үш саты жоғары көтерілді.

Рейтингтегі оң өзгерістерге ықпал еткен негізгі бағыттардың бірі – денсаулық сақтау саласы. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы ұлғайып, нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім-жітім көрсеткіші төмендеген. Сонымен қатар, туберкулез ауруының таралу деңгейі де азайғаны тіркелді.

Бұл нәтижелер елімізде әлеуметтік және медициналық салаларда жүргізіліп жатқан жүйелі реформалардың тиімділігін көрсетеді. Денсаулық сақтау қызметінің сапасын арттыру, профилактикалық шараларды күшейту және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бағдарламалар оң әсерін беріп келеді.

Айта кетейік, Қазақстан 2015 жылдан бастап БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кезең-кезеңімен енгізіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар ұлттық даму саясатының маңызды құрамдас бөлігіне айналып, елдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға негіз болып отыр.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *