Қызылорда облысына қарасты Қармақшы ауданының  орталық алаңында аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының тапсырмасымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Ел іші – өнер кеніші» мәдени шарасы аясында кезекті концерттік бағдарлама өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Мәдени шараның мақсаты – ұлттық өнерді ұлықтау, жергілікті өнерпаздардың шығармашылығына қолдау көрсету, мәдени мұраны кеңінен насихаттау және тұрғындардың мәдени-рухани өмірін жандандыру.
Бұл жолғы концерттік бағдарламада Қармақшы ауылы мен Қызылтам елді мекенінің өнерпаздары сахнаға шығып, ән мен жырдан, күй мен биден шашу шашты. Ұлттық нақыштағы өнер көрсетілімдері мен әсерлі музыкалық нөмірлер көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, кештің сәнін келтірді.
Ашық аспан астында өткен мәдени кешке аудан тұрғындары мен қонақтары белсенді қатысып, жергілікті өнерпаздардың өнеріне зор қошемет көрсетті.
Айта кетейік, «Ел іші – өнер кеніші» мәдени жобасы қыркүйек айына дейін әр сенбі сайын Жосалы кентінің орталық алаңында жалғасады. Концерттік бағдарламаларға ауданның барлық ауылдық округтері кезең-кезеңімен қатысып, өздерінің үздік өнерлерін көпшілік назарына ұсынады.
Фото: Қармақшы ауданы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *