Қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев ағылшынның «Челси» клубының негізгі құрамында алаңға шығып, алғашқы голын соқты.

Ол жолдастық маусым алдындағы матчта көзге түсті. 17 жастағы қазақстандық шабуылшы «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы ойында 6-минутта-ақ есеп ашты.

Негізгі құрамда алаңға шыққан Сәтбаев жаңа бас бапкер Хаби Алонсоның сенімін бірден ақтады.

Бұл гол қазақстандық футболшы үшін ағылшын алпауыты сапындағы алғашқы нәтижелі соққы болды.

Айта кетейік, Сәтбаев ресми түрде клубқа 12 тамыз күні, 18 жасқа толғанда қосылады. Соған қарамастан, ол алғашқы ашық матчтың өзінде-ақ ересектер деңгейінде жарқын өнер көрсетіп үлгерді.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *