ҚР Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған дауыс беру бюллетенін таныстырды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сайлау бюллетенінде саяси партиялар мынадай ретпен орналасқан:

«Әділет» партиясы;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;

Қазақстан Халық партиясы;

«Ауыл» партиясы;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы;

«Respublica» партиясы.

Онда мынадай ескертпе берілген: Бюллетень берген комиссия мүшесі оған өз қолын қояды. Мынадай бюллетень: белгіленбеген үлгідегі; тиісті сайлау комиссиясы мүшесінің қолы қойылмаған; бір саяси партиядан артық белгіленген; белгі қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау іздері бар, сондай-ақ сайлаушының ерік білдіруін анықтау мүмкін емес бюллетень жарамсыз деп танылады.

Фото: ОСК

 

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *