Сайлауалды штаб өкілдері медицина мамандарымен кездесті
Қызылорда облыстық балалар ауруханасында медицина саласы өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Жиынға дәрігерлер, педиатрлар, хирургтер, медбикелер және әлеуметтік қызметкерлер қатысты.
Кездесуге «Әділет» партиясының Қызылорда облыстық сайлауалды штабының өкілдері мен Құрылтайға үміткер Мұрат Әбенов қатысып, денсаулық сақтау саласына қатысты пікір алмасты.
Басқосуда балалар медицинасын дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі, медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасы, медицина кадрларын даярлау және саланың өзге де бағыттары сөз болды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өзара пікір алмасты.













