Қазақстанда электромобильдер саны жыл сайын артып келеді. Қазір елімізде 24 мыңнан астам электромобиль бар. Соңғы бір жылда олардың саны 56%-ға өскен.

Алайда оларды жөндеп, диагностикалайтын білікті мамандар тапшы.

Осыған байланысты Өскеменде арнайы мамандандырылған орталық жұмысын бастады. Мұнда Қытайдың жетекші автомобиль холдингтерінің мамандары жергілікті инженерлерге электромобильдерді жөндеу және диагностикалау бойынша білім беріп жатыр.

Мамандар теориялық білімін практикада шыңдап, заманауи технологиялармен жұмыс істеуді үйренуде. Ал жергілікті ғалымдар пилотсыз көліктерді қуатты электр қозғалтқыштарымен сынақтан өткізіп жатыр.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *