Bloomberg әлемдегі ең бай адамдардың ондығын жариялады
Әлемдегі ең бай он адамның барлығы АҚШ азаматтары. Осылайша, бұған дейін алғашқы ондықтан көрініп жүрген француз кәсіпкері әрі LVMH басшысы Бернар Арно тізімнен шығып қалды.
Оның орнына 96 жастағы америкалық инвестор Уоррен Баффет енді. Bloomberg оның байлығын 144 миллиард долларға бағалап отыр.
Рейтингтің көшін әдеттегідей Илон Маск бастап тұр. Оның дәулеті 919 миллиард долларға бағаланған. Екінші орында 286 миллиард доллармен Google-дың негізін қалаушылардың бірі Ларри Пейдж, ал үшінші орында 274 миллиард доллар байлығымен Amazon негізін қалаушы Джефф Безос орналасқан.
Алғашқы ондыққа енген миллиардерлердің қатарында:
- Сергей Брин – 266 млрд доллар;
- Майкл Делл – 245 млрд доллар;
- Марк Цукерберг – 229 млрд доллар;
- Ларри Эллисон – 208 млрд доллар;
- Дженсен Хуанг – 181 млрд доллар;
- Стив Балмер – 172 млрд доллар;
- Уоррен Баффет – 144 млрд доллар.
Осылайша, тарихта тұңғыш рет Bloomberg рейтингінің алғашқы ондығында бірде-бір америкалық емес миллиардер қалған жоқ.
Жалпы әлем бойынша миллиардерлер саны да рекордтық деңгейге жетті. Қазір олардың саны 3 795 адамға жетіп, жалпы байлығы 15,1 триллион долларға бағаланып отыр.

Коллаж: Ашық дереккөз











